Алматыда COVID-19 анықтайтын қосымша 2 зертхана ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда COVID-19 анықтайтын қосымша 2 зертхана ашылды Сурет: elements.envato.com

COVID-19 диагностикалау ауқымын кеңейту үшін Алматыда қосымша 2 зертхана ашылды. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев онлайн-брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

COVID-19 диагностикалау ауқымын кеңейту үшін Алматыда қосымша 2 зертхана ашылды. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев онлайн-брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бақытжан Сағынтаев маңызды бағыттардың бірі коронавирусты дер кезінде диагностикалау екенін атап өтті.

"Осыған байланысты зертханалардың өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы алғанда, Алматыда коронавирус инфекциясын тестілеуді енгізудің барлық кезеңінде 245 мыңнан астам зерттеулер жүргізілді. Мегаполисте 8 зертхана жұмыс істейді, нәтижесінде күніне шамамен 4000 зерттеу жүргізіледі. Бүгінгі таңда зертханалардың мәліметтері бойынша 56 мың зерттеуге арналған сынақ жиынтықтары бар", - делінген хабарламада.

Бақытжан Сағынтаев зертхана қызметінде аздаған кедергілер анықталғанын айтып өтті, оған бұл қызметтерге жүгінушілер тарапынан сұраныстың жоғары болуы, науқастардың көптеп келуі, сонымен бірге, зертханаларда реагенттердің қажетті қорының болмауы себеп.

"COVID-19 зертханалық диагностикалау ауқымын ұлғайту мақсатында азаматтарды уақтылы диагностикамен қамтамасыз ету үшін қосымша екі зертхана ашылды", - деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети