27 сәуір 2020 | 10:03

Алматыда COVID-19 жұқтырған бес науқастың жағдайы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда COVID-19 жұқтырған бес науқастың жағдайы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда COVID-19 жұқтырған бес науқастың жағдайы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Алматыда коронавирус жұқтырудың 847 жағдайы тіркелді.

Оның бесеуі кеше тіркелген екен.

"Олардың төртеуі карантиндегі вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар. Оның ішінде 1989 ж. т. екі ер адам және 1971,1958 жылғы екі әйел адам, ал бесіншісі кеше Атырау - Алматы рейсімен ұшып келген 1988 жылғы әйел. Ұшып келген соң экипаждың барлық мүшесі карантинге орналастырылды", - дейді басқармадағылар.

Сондай-ақ, екі науқастың жағдайы аса ауыр екені айтылады. 29 адамда  - ауыр, 214 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында қанағаттанарлық дейді дәрігерлер.

Екі науқас тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Басқарма мәліметінше, бүгінде провизорлық госпитальдарда 481 адам жатыр, оның ішінде – 11 бала, карантиндік оқшаулауда 415 адам, оның ішінде 5-і бала.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 2 717-ге жетті. Жазылып шыққандардың саны - 682, қайтыс болғандардың саны - 25.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети