Алматыда COVID-19 жұқтырған науқастардың бірі аса ауыр жағдайда жатыр

Фото: REUTERS

Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бір науқастың жағдайы аса ауыр, тағы төртеуі де ауыр жағдайда жатыр, 92 науқастың жағдайы - орташа ауыр, олардың ішінде облыс тұрғыны бар, 295 науқастың жағдайы қанағаттанарлық", - деді басқарма басшысы.

Еске салайық, мұның алдында Алматыда коронавирус жұқтырған әйелдің босанып, дені сау баланы дүниеге әкелгені хабарланған еді. Қазір анасының жағдайы қанағаттанарлық, ол жақын арада емдеуді жалғастыру үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады. Пациент COVID-19-дан сауығып жазылған кезде ұлымен бірге болады.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 461-ге жетті. Ал Қазақстан бойынша вирус жұқтырғандардың саны - 1480.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама