17 сәуір 2020 12:32

Алматыда COVID-19 жұқтырған әйел босанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматыда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.


Алматыда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

13 сәуірде әйел жүктіліктің 39-аптасында вирус жұқтырған адаммен байланыста болған адам ретінде №1 Қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген. Коронавирусқа сараптамалар алынып, қорытындысы оң нәтиже берген болатын. 15 сәуірде дәрігерлер сараптама қорытындысы бойынша оған кесар тілігі жасалып, босанған. Нәтиажесінде салмағы 3,5 келіден асатын бала дүниеге келді. Бұл пациенттің екінші босануы еді.

"Жаңа туған нәрестеден де бірден алынған сараптамалар теріс нәтиже көрсетті. Жаңа туған нәрестенің дені сау. Қазір ол балалар бөлімшесінде жатыр",– деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Қазір анасының жай-күйі - қанағаттанарлық, ол жақын арада емдеуді жалғастыру үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады. Пациент COVID-19-дан сауығып жазылған кезде ұлымен бірге болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети