Алматыда COVID-19 жұқтырған үш науқас ауыр жағдайда жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда COVID-19 жұқтырған үш науқас ауыр жағдайда жатыр Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирус жұқтырған алматылықтардың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирус жұқтырған алматылықтардың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде қалада 311 науқас ем алып жатыр. Науқастардың ішінде - төрт бала мен үш жүкті әйел бар.

"253 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Үшеуінің жағдайы ауыр, 55 ересек адамның жағдайы орташа ауыр", - деді Тілеухан Әбілдаев.

Сондай-ақ, провизорлық госпитальдерде 343 адам ем алып жатыр. Олардың 11-і балалар, 419 адам карантинге жатқызылса, 7 097 адам үй карантинінде.

Еске салайық, бүгінде Алматыда 370 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 58-і аурухунадан шығарылды, екі адам қайтыс болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.39  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети