27 мамыр 2021 | 15:30

Алматыда COVID-19 жұқтырғандар жатқан үш аурухана қалыпты режимге ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©РИА Новости Фото: ©РИА Новости

Алматыда коронавирус жұқтырғандар жатқызылатын бірнеше госпиталь жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда коронавирус жұқтырғандар жатқызылатын бірнеше госпиталь жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Нариман Табынбаевтың айтуынша, қалада коронавирус жұқтырған науқастардың ауруханаға түсу жағдайы төмендеген. Нәтижесінде №1 перзентхана мен екі аурухана қалыпты жұмыс режимдеріне көшкен.

Сондай-ақ, 1 маусымнан бастап жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасы мұқият дезинфекциядан өткізіліп, бұрынғы жұмыс режиміне көшеді.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі ауруханасынан коронавируспен жатқызылған соңғы науқастар емделіп шықты.

"Сондай-ақ, Halyk Arena-да орналасқан жұқпалы аурухана және қайта жасақталған ауруханалар, оның бірі – теміржол емханасы, №1 Қалалық клиникалық аурухана және Қалалық кардиологиялық орталық коронавирус жұқтырған науқастарды күту жүйесінен алынады", - делінген хабарламада.

Бүгінде коронавирус жұқтырған 2035 адам ауруханаларда жатыр. Жалпы қаланың жұқпалы аурулар ауруханаларындағы төсек сыйымдылығы - 5 940 орын. Бүгінде үй жағдайында алғашқы медициналық-санитарлық көмек және мобильді топтар қадағалауындағы 2 198 науқас бар, оның 306-сы симптомсыз, 1892-сі жеңіл және 90-ы орташа ауырлық дәрежесінде. Стационарлық науқастардың жалпы санынан 360 жұқпалы аурулар ауруханаларынан одан әрі бақылау және амбулаториялық жағдайда оқшаулау үшін шығарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети