Алматыда COVID-19 жұқтырғандардың 82 пайызы вакцина алмаған - Бекшин

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда COVID-19 жұқтырғандардың 82 пайызы вакцина алмаған - Бекшин Фото: elements.envato.com

Алматыда кейінгі аптада COVID-19 жұқтырғандардың 18 пайызы екпе алған, ал 82 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салғызбаған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда кейінгі аптада COVID-19 жұқтырғандардың 18 пайызы екпе алған, ал 82 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салғызбаған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бір апта ішінде инфекцияның 936 жаңа жағдайы, кейінгі тәулікте 128 дерек тіркелген. Сонымен қатар, кейінгі аптада ауру жұқтырғандардың негізгі бөлігі (82 пайызы) екпе алмаған азаматтар. Вирус жұқтырған және вакцина алмаған алматылықтардың 29 пайызы 20 мен 39 жас аралығындағылар, 27 пайызы 40 пен 59 жас аралығындағылар, 26 пайызы 60 жастан асқандар.

"Бұл қолданыстағы шектеу шаралары мен 48 пайыз халықты вакциналау деңгейі арқасында. Бізде апталық аурушаңдық азайды, бірақ оны бекіту үшін 22 қарашаға дейін "сары" аймақ бойынша талаптарды сақтау қажет", - деп мәлімдеді Бекшин.

Алматының бас санитария дәрігерінің айтуынша, аурушаңдықтың оптимист көрсеткіштеріне қарамастан, қаладағы жұқпалы аурулар ауруханаларында 673 адам жатыр, оның 17-сі бала.

"Сондықтан 12 жастан асқан жасөспірімдерді белсенді түрде вакциналау өте маңызды. Жаңа "дельта" нұсқасы балаларға бағытталған: былтыр 281 мектеп оқушысы ауру жұқтырған болса, биыл 15 039-ы жұқтырған", - деді ведомство басшысы. 

Айта кетейік, Алматы мен Шымкент 14 қарашада "жасыл" аймаққа кірген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети