ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 23 маусым 2026 12:06
Алматыда дәмхана сүрілді: әкімдік себебін түсіндірді
Алматыда тағы бір дәмхана сүрілді. Мән-жайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда тағы бір дәмхана сүрілді. Мән-жайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, заңсыз нысан Поддубный көшесі, 119-үй мекенжайында орналасқан.
"Бұған дейін жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің рұқсатсыз өз бетінше қосымша құрылыс салып, оны жазғы дәмхана ретінде пайдаланғаны анықталған", - деп хабарлады ведомство.
Кейін меншік иесіне анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін құрылысты бұзу жөнінде нұсқама берілді.
Қазіргі уақытта нысан сүрілді.
Фото: қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Меншік иесі ұйғарым талаптарын ерікті түрде орындағаны нақтыланды.
Бұған дейін Алматыдағы Диваев көшесінде заңсыз салынған дүкен сүрілгені хабарланған болатын. Тексеріс барысында меншік иесі нысанды жобалау-сметалық құжаттамасыз және сараптаманың оң қорытындысынсыз, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалаусыз салғаны анықталды.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу