Алматыда Диваев көшесінде заңсыз салынған дүкен бұзылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тексеріс барысында не анықталды?
Тексеріс нәтижесінде меншік иесі нысанды жобалау-сметалық құжаттамасыз, сараптаманың оң қорытындысынсыз, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалаусыз тұрғызғаны анықталды.
"Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді", - деп хабарлады қала әкімдігі.
Фото: Алматы әкімдігі
Меншік иесі заңсыз құрылысты өз еркімен бұзғаны атап өтілді.
Бұған дейін Алматыда самса сататын нысан иелері ғимаратты бұзуға мәжбүр болған еді.
Сонымен қатар Алматының Бас жоспарына енгізілген түзетулер бойынша қоғамдық тыңдауларға дайындық жүріп жатыр. Жаңартылған құжат ашық қолжетімділікте жарияланды. TengriНome жобаларды зерттеп, Алматы қалай дамитынын баяндады.
Атап айтқанда, түзетулерге сәйкес, Қайрат шағынауданындағы жеке сектор бұзылмайтын болды. Дегенмен, кейбір басқа аудандардағы ескі және аз қабатты үйлерді реновация күтіп тұр.