"Алматыда дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар" - әкімдік

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алматыда дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар" - әкімдік Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов

Алматыда COVID-19-ды емдеу үшін қажет медициналық препараттардың екі айлық қоры бар. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда COVID-19-ды емдеу үшін қажет медициналық препараттардың екі айлық қоры бар. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы нарығын толықтыру үшін Тұрақтандыру қорының қаражаты есебінен дәрі-дәрімектер дәріханаларға жеткізіліп жатқаны хабарланды.

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен стационарлардың, емханалар мен қала дәріханаларының дәрілік құралдармен, медициналық мақсаттағы өнімдермен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуіне мониторинг апта сайын жүргізіледі.

Заңғар Сәлімбаевтың ақпаратынша, 26 қаңтардағы жағдай бойынша стационарларда 2,6 миллион дәрілік құрал бар. Бұдан басқа 302 мың дәрі-дәрімек жеткізу күтіледі.

"Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясын емдеуде сұранысқа ие препараттар барлық дәріханада бар. Дәріханалардың препараттармен қамтамасыз етілуі 85-90 пайыз, дәріханаларда бұрыннан қалған миллионнан аса сұранысқа ие препараттар бар.

Бұдан басқа, нарықты толықтыру үшін тұрақтандыру қоры қаражатының есебінен қаланың дәріханаларға дәрілік заттарды жеткізу жалғасып жатыр. Бүгінде қалаға әкелуге жоспарланған 40,1 миллион ДЗ мен ММБ-дан 47,2 миллионы әкелінді, 22,3 миллион іске асырылды, қолда бар 24,8 миллион. Оның ішінде төмендетілмейтін қалдық 8 миллион. Қосымша 2021 жылы 31 қаңтарға дейін 453 мың дәрілік зат түсімі күтіледі. Осылайша, Алматы қаласында екі айлық берік қор бар" - деді Заңғар Сәлімбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети