22 сәуір 2020 | 18:00

Алматыда дәрігерлер жаппай COVID-19 жұқтырған ауруханада ережебұзушылықтар болған - Бекшин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Орталық қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлерінің жаппай коронавирус жұқтыруына не себеп болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Орталық қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлерінің жаппай коронавирус жұқтыруына не себеп болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, нақты шешім шықпаған, бірақ тергеу аяқталуға жақын қалған.

"Алғашқы ауырғандар МРТ, МТ бөлімшелерінен шыққан соң алдымен осы бөлімшелерді тексереміз. Сонымен қатар, науқастарды бөлімшеде алып жүрген медбике бар. Оның аты-жөнін айтпаймын. Және ауруханаға келген Е. есімді ер адам бар. Тікелей байланыс жасаған 13 адам тексерілді, барлығында сараптама теріс болып шықты", - деді Бекшин.

Ол Орталық қалалық клиникалық аурухананың жұмысында ережебұзушылықтар болғанын атап өтті.

"Инфекциялық науқастармен рұқсатсыз жұмыс істеуде бұзушылықтар анықталды, яғни олар мұндай жұмысты жүргізуі керек медициналық ұйымдардың тізіміне кірмеген", - деді Алматының бас санитар дәрігері.

Сонымен қатар, палатада 5 адамнан жату керек ауруханада изолятор болған. Іс жүзінде көп адам жатқан. Олардың барлығы - пневмонияның ауыр түрі, ЖРВИ ауырған науқастар.

"Ашық изолятор мемлекеттік қызметті ескертпей жұмыс істеген. Сондай-ақ, бейнебақылаудан қызметкерлер қажетті қорғану құралдарын кимей, барлық зонада жүргенін көруге болады. Мұның салдарынан персонал мен науқастар жұқтырған", - деді Бекшин.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети