02 шілде 2024 | 11:48

Алматыда дәрігерлер жүрек тамырлары 100 пайызға жуық тарылып кеткен науқасты аман алып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.kz Фото: gov.kz

Алматылық дәрігерлер жүрек тамырлары 100 пайызға жуық тарылған ер адамды аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматылық дәрігерлер жүрек тамырлары 100 пайызға жуық тарылған ер адамды аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, науқас Алматының қалалық кардиологиялық орталығына өте ауыр жағдайда, жедел миокард инфарктісімен түскен. Оған 10 жыл бұрын коронарлық шунттау операциясы жасалған. Коронарлық ангиографиядан кейін жүректің негізгі тамырының діңінің 99,9 пайыз зақымдануы анықталды, ал бұрын орнатылған шунттардың біреуі ғана жұмыс істеген, оның да тарылуы 99,9 пайызға жеткен.

"Процедура кезінде науқастың жағдайы нашарлады: қан қысымы сыни белгіге дейін төмендеді. Дәрігерлер тобы қайта операция жасау өте қауіпті деп шешті, бірақ дереу шара қолдану қажет болды. Науқас қан айналымын қолдайтын экстракорпоральды мембраналық оксигенация (ECMO) аппаратына қосылып, шунт пен тамыр діңін стенттеді", - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Науқас жеті күн реанимацияда болды және көмекші қан айналымы үшін аппаратқа қосылған. Ол орталықта барлығы 20 күн болды. Кардиологтың айтуынша, бұл жағдай ерекше және өте сирек кездеседі. Операция үш сағаттан астам уақытқа созылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.87   523.31   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети