Алматыда коронавирустың "дельта" штамын жұқтырғандар үлесі 80 пайызға жетті. Бұл туралы қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда коронавирустың "дельта" штамын жұқтырғандар үлесі 80 пайызға жетті. Бұл туралы қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Алматыда коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай шиеленіскен. Бекшин "дельта" штамын жұқтыру дерегі көбейіп жатқанын айтты.
"Бұрын күнделікті сырқаттанушылық деңгейі 65-110 жағдайға дейін төмендеген. Бұған "альфа" немесе "ұлыбринатиялық" штамм себеп болды. Бірақ маусымның үшінші аптасынан бастап қазіргі уақытқа дейін 600 немесе одан да көп өсім тіркелгенін байқап отырмыз. Бұл "дельта" немесе үнді штамына байланысты. Соңғы тәулікте қалада коронавирус инфекциясын жұқтырудың 638 жағдайы тіркелді", - деді ол.
Санитария дәрігерінің айтуынша, "дельта" нұсқасы қалада 18 маусымнан бастап тарала бастаған. Ол жұқпалы және ауыр клиникалық жағдайларды тудырады.
"Зерттеу нәтижесіне сәйкес, коронавирус жұқтыру дерегінің жалпы көрсеткішінде "дельта" нұсқасының үлесі қазірдің өзінде басым. Қазір ол 78-80 пайызды құрайды. 16 пайыз - "альфа" (ұлыбританиялық), үш пайыз - COVID-19 (Ухан) нұсқалары", - деп толықтырды Бекшин.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!