06 тамыз 2021 18:03

Алматыда "дельта" штамының үлесі 90 пайызға жетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Алматыда коронавирустың "дельта" штамын жұқтырғандардың үлесі 90 пайызға жетті. Бұл туралы қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда коронавирустың "дельта" штамын жұқтырғандардың үлесі 90 пайызға жетті. Бұл туралы қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаладағы эпидемиологиялық жағдай шиеленісіп тұр. 28 шілдеден бастап тәулігіне 1500 адам вирус жұқтырғаны анықталады. Науқастардың 90 пайызы "дельта" штамын жұқтырған. Тұрғындардың аз бөлігінен дәрігерлер "ұлыбританиялық" және Ухан штамдарын анықтады. Қалада коронавирустың төртінші толқыны басталды. Толқын шыңы тамыздың ортасында болады деп болжанды. Халық шектеу шараларын дұрыс сақтамауынан вирус тез тарап жатыр. Халықтың көп бөлігі маска тақпайды, әлеуметтік арақашықтықты сақтамайды. Қала тұрғындарын карантинді сақтауға, вакцина салдыруға шақырамыз", - деді Бекшин

Еске салайық, 12 шілдеде Алматыда "дельта" штамның үлесі 80 пайыз болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети