Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жүреді?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жүреді? Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жүретіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.


Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жүретіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.

31 желтоқсанда қоғамдық көлік әдеттегідей сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

1 қаңтарда жылжымалы бірліктің 50 пайызы жолға шығарылады. 2, 3 қаңтар күндері қоғамдық көлік мереке күнінің кестесімен жұмыс істейді, яғни автобустар мен троллейбустардың 70 пайызы қызмет көрсетеді.

№3 түнгі маршруттың жұмыс кестесі сағат 23:00 мен 06:00 аралығында болып өзгеріссіз қалады. Медеуге қатынайтын №12 маршрутта түнгі сағат 00:30-ға дейін 20 автобус автобус жүретін болады.
Метро штаттық режимде сағат 06:20-дан сағат 00:00-ге дейін мереке күнінің кестесімен 12-15 минуттық интервалмен жұмыс істейтін болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети