Алматыда демалыс күндері ойын-сауық орталықтары мен автобустар қалай жұмыс істейді?

Алматыда демалыс күндері 16-19 желтоқсан аралығында ойын-сауық орталықтары мен автобустар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда демалыс күндері 16-19 желтоқсан аралығында ойын-сауық орталықтары мен автобустар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегілер айтты.

Ведомстводағылар мереке күндері ойын-сауық орталықтары мен автобустардың жұмысы Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің 9 қарашадағы №64 қаулысы бойынша реттелетінін айтады.

Реклама
Реклама

Осылайша, алдағы мереке күндері сауда орталықтары 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ, 17.00-ге дейін азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының қызметіне рұқсат етіледі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қоғамдық көлік жұмысы өзгеріссіз қала береді. Автобустар мен метрода маска режимі сақталуы керек.

Еске салайық, мұның алдында мереке күндері 16-19 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтанда да қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейтіні айтылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама