Алматыдағы Абылай хан мен Райымбек даңғылдарының қиылысындағы үйлердің бірінің қоқыс контейнерінен дене бөлшектері табылған ер адам Кентаудан келген болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыдағы Абылай хан мен Райымбек даңғылдарының қиылысындағы үйлердің бірінің қоқыс контейнерінен дене бөлшектері табылған ер адам Кентаудан келген болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаза болғанның туысының айтуынша, ол пышақ жарақатынан қаза тапқан. "Оны 6 қыркүйекте, сейсенбі күні өлтіріп кеткен. Тергеудің мәліметінше, ол пышақ жарақатынан өлген. Жерлеу рәсімі 9 қыркүйекте өтеді. Мен Алматыға бара жатырмын. Оны қалада жерлейміз, оның баласы жоқ, отбасы құрмаған. Мән-жайын білмеймін", - деді ол.
Айта кетейік, осыған дейін Абылай хан және Райымбек даңғылдарының қиылысында орналасқан үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінде ер адамның дене мүшелерін тапқаны жайлы айтылған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, адамның қалдықтары - басы және қолы. Ол контейнердің ішіндегі мүшелерді қоқыс жәшіктерін қарап жүрген үйсіз адам көрген.
ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың айтуынша, ер адамның мәйітінің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР қылмыстық Кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері қылмыс болған пәтерді де анықтаған. Сонымен қатар, көрші пәтерде тұратын әйел түнгі уақытта ешқандай айқайды естімегенін айтты. Ол пәтердің жалға берілетінін растады.