23 шілде 2018 12:03

Алматыда Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салуға 10 мың адам келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 10 мың адам Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салуға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметінің өкіліне сілетеме жасап.


Алматыда 10 мың адам Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салуға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметінің өкіліне сілетеме жасап.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл тек алдын ала есептеулер. Ақтық сапарға шығарып салу шарасы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан тіклей трансляиця жүргізді.

Айта кетсек, барлық адам спорт сарайының ішіне кіре алмады. Танымал мәнерлеп сырғанаушының ақтық сапарға шығарып салу шарасына Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан даму банкінің төрағасы Болат Жәмішев, депутат және Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев және басқалары сөз сөйледі. Геннадий Головкин Денис Тенмен қоштасу үшін АҚШ-тан ұшып келді.

Мұның алдында мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің Алматыда жасалған шабуылдан қайтыс болғаны хабарланған еді.

19 шілдеде, Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети