13 мамыр 2020 | 09:10

Алматыда дүкен иелері ТЖ біткен соң тауарларды қымбаттатып жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Телеарна сюжетінің кадрынан Телеарна сюжетінің кадрынан

Алматыда дүкендер мен қызмет көрсету саласындағы нысандар төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін бірден бағаны өсірген, - деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.  


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда дүкендер мен қызмет көрсету саласындағы нысандар төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін бірден бағаны өсірген, - деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.  

4 сәуірде азық-түліктің бірнеше түріне шекті бағалар қойылған еді. Алайда, Алматыдағы кейбір дүкенде тауар бағасы карантинге дейінгі құнынан көтеріліп кеткен. Мәселен, бірінші сортты ұн өнімдері 211 теңге болса, 10 дана жұмыртқа 351 теңгеден аспауы тиіс еді. Ал қазір дүкен сөрелерінен аталған өнімдерге бағаның қосылғанын байқауға болады. 

"Бұрын картопты 109-110 теңгеден алсақ, қазір 160 теңгеден аламыз. Тіпті, жоқ та. Сәбіз де 160 теңге болған. Тіпті, тауықтың бағасын да қымбаттатып жіберіпті. "Неге?" десең, "доллар қымбаттады" деп шығады, "Бұрын бір шыққанда 20 мың теңге кетсе, қазір 38 мың теңгем кетті. Сонда баға екі есе өскен болып тұр ғой. 42500 теңге берді, одан да түк қалмады",- дейді телеарнаға сұхбат берген тұрғындар.

Телеарнаның мәліметі бойынша, қаладағы сауда дүкендерінің бірінің ашылғанына екі күн ғана болған. Жұмысын бастағанына көп болмаса да, дүкенге келушілерге арналған "Тауардың құны 15 пайызға қымбаттады" деген ескерту қағазын іліп қойған. Десе де, мұнда келушілердің саны азаймаған. Ал дүкен иесі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қымбаттауын - жеткізу қызметімен байланыстырып отыр. 

"Өнімдерді жеткізушілер бізге тауардың құнына 15 немесе 20 пайыздай ақша қосып әкеледі. Біз қайта орташа бағаны ұстап тұрмыз. Неліктен бағасын қымбаттатқанын жеткізушілерден сұрау қажет. Мүмкін, доллар бағамы әсер еткен шығар. Себебі, келесі тауарды олар жаңа бағамен алады. Ал біз Қытайдан аламыз", - дейді дүкен иесі Наталья Кирилова. 

Бағаны көтерудің себебі алуан. Кәсіпкерлер шығынға батпау үшін, тәуекелге барып отыр дейді мамандар. Ал сұлулық салондарының иелері шаш қию қызметін әйелдерге - 4700, ерлерге 2800 теңге деп көтеріп тастаған.

"Тауарлардың жекелеген түрлеріне, сондай-ақ қызметтерге, оның ішінде салондарда қызмет көрсету бағаларының қымбаттауы - бұл кәсіпкерлерге байланысты. Яғни, нарықтық қатынас. Сондықтан кәсіпкер өз бағасын белгілеуге құқылы. Үкімет бағаны көтермеуге кеңес беруі мүмкін. Мемлекет әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын реттейді. Екі ай бойы кәсіпкерлер жұмыс істемеді. Сондықтан олар бүгін жоғалтқан пайдасын өтеуге тырысып жатыр", - деді "Адал" тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің президенті Артық Сейтқалиева.

Сондай-ақ, қалада қант, ет, арпа өнімдері мен жемістер және көкөністер де қымбаттаған. Ал олардың құны қай уақытта тұрақталатыны әлі белгісіз. Тек Сауда және интеграция министрлігі бұған дейін "Карантин кезеңіндегі тауарлық қауіпсіздік" веб-платформасын жасаған болатын. Ол онлайн режимде 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын бақылауға мүмкіндік береді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети