19 сәуір 2019 | 13:54

Алматыда е-ПИК "Тұрғындар үшін қолжетімді сервис" порталы іске қосылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматыда "Тұрғындар үшін қолжетімді сервис" (е-ПИК) порталының таныстырылымы болды, ЭЦҚ кілті арқылы тұрғындар ПИК-терді (басқару органы) таңдайды және ауыстырады, онлайн есептерді көреді, шығындар сметасына дауыс беріп, үйден шықпай-ақ онлайн жиналыстар өткізе алады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда "Тұрғындар үшін қолжетімді сервис" (е-ПИК) порталының таныстырылымы болды, ЭЦҚ кілті арқылы тұрғындар ПИК-терді (басқару органы) таңдайды және ауыстырады, онлайн есептерді көреді, шығындар сметасына дауыс беріп, үйден шықпай-ақ онлайн жиналыстар өткізе алады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Е-ПИК порталының бастамашылары Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы мен "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ және Almaty - adaldyq alany жобалық кеңсесі. Портал Smart Almaty концепциясының жетекші жобаларының бірі болып табылады.

"Жаңа порталды қолдану ПИК-тер жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді және қалада тұрғын үй сервисін арттырады.Үйлердің әрбір тұрғыны өз үйі мен кооператив туралы және оның қызметі жөнінде нақтылы мәлімет алып,күрделі жөндеу,төрағаны ауыстыру және басқа мәселелер бойынша еркін түрде онлайн дауыс бере алады", - деді Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасының бастығы Бақытжан Ақжаров.

Аlmaty-ksk.kz порталы басқару органы туралы тұрғын үй инспекциясына шағымын жібере алады, учаскелік инспектордың мәліметтерін біледі, үй туралы және актуалды мәселелер бойынша (FAQ) хабардар болады. Басқару органдары портал арқылы өз қызметтерін тұрғындармен келісе отырып,ашық жүргізіп,ұсынылатын қызметтер сапасын арттыра алады. Айта кетерлігі, бұл алғашқы жоба емес. Тұрғын үй инспекциясы тұрғындарға электронды түрде пәтер ұсыну және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бірқатар бағдарламаларды іске асырды.

Мысалы,өткен жылдан бастап есепке алу және кезекке тұру, сонымен қатар мұқтаж жандарға мемлекеттік қордан пәтер бөлу бойынша шешім шығару тек электронды түрде жүзеге асуда.Республикада бірінші рет мегаполисте кезекте тұрғандарды электронды қайта тіркеу енгізілген.Бұлардан өзге, пәтерлерді есепке алу мен жалға беру төлемдері "1С: Бухгалтерия" базасы бойынша жүріп жатыр. 

Осылайша Алматыда пәтер кезегіне қою мен оны бөлуден бастап тұрғын үйдің барлық процесстері толық ақпараттандырылады. 

"Басқарма тағы екі қызметті ұсынушы болып табылады, олар - мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерді жекешелендіру және коммуналды тұрғын үй қорында тұрақты пайдаланатын жеке үй бар немесе жоғы туралы анықтама беру. Мемлекеттік қызмет көрсету реестрінде оларды электронды форматта ұсыну қарастырылмаған. Осы мемлекеттік қызметтер бойынша ағымдағы стандарттарға өзгерістер енгізілген соң кез- келген азамат мемлекеттік органға немесе ХҚКО бармай-ақ Басқарма сайтынан анықтаманы алып, үйін жекешелендіру бойынша өтініш бере алады", - деп түсіндірді Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Бақытжан Ақжаров.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети