06 ақпан 2021 11:30

Алматыда екі жыл заңсыз жүрген 18 жастағы иорданиялық анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматы полицейлері Қазақстанда екі жылдан аса уақыт заңсыз жүрген Иордания азаматын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 


Алматы полицейлері Қазақстанда екі жылдан аса уақыт заңсыз жүрген Иордания азаматын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

2021 жылдың 1-5 ақпаны аралығында Алматыда заңсыз жүрген адамдарды анықтау, сондай-ақ, қаладағы қылмыстық ахуалды жақсарту мақсатында "Келімсек" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

"Іс-шара барысында 344 көші-қон заңнамасын бұзушы анықталып, әкімшілік жауапқа тартылды, 67 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. 165 шетелдік Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін 164 отандасымыз жауапқа тартылды.

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 15 жұмысберуші жауапқа тартылды. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 70 шетелдік ПД қабылдау-тарату орнына орналастырылды", - деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ, рейд шеңберінде полиция қызметкерлері Қазақстанда 2018 жылдан бері өзінің құқықтық мәртебесін реттемей, заңсыз жүрген 2002 жылы туған Иордания азаматын анықтады. Сот шешімімен шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети