Алматыда екі кішкентай бала анасының соққыға жығылғанына куә болған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда екі кішкентай бала анасының соққыға жығылғанына куә болған Фото:depositphotos.com

Алматыда кәмелетке толмаған балалардың көзінше әйелді соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда кәмелетке толмаған балалардың көзінше әйелді соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға қалай болған?

Әлеуметтік желілерде әйелдің диванда отырған видеосы пайда болды. Оның бет-аузы қан-жоса екені көрінеді. Бұл уақытта оның қасында екі бала бар, олардың бірі жылап отыр. Кейін ауруханадағы кадрлар көрсетіледі: зардап шегушінің беті таңылған, көгерген.

Әйелдің айтуынша, оқиға 28 тамызда болған. Ол өзіне бұрынғы күйеуі шабуыл жасағанын мәлімдейді, олар үш жыл бұрын ажырасып кеткен.

"2025 жылдың 28 тамызында мені үш жыл бұрын ажырасқан бұрынғы күйеуім аяусыз ұрып-соқты. Некеден екі кәмелетке толмаған баламыз бар", – деді зардап шегуші видеода.

Оның айтуынша, шабуылдан кейін ол ауыр жарақат алған, жақ сүйегін қалпына келтіру үшін бірнеше операция жасалған және ұзақ уақыт ауруханада болған.

"Дегенмен уақыт өтсе де, құқық қорғау органдары тарапынан нақты әрекет көріп тұрған жоқпын. Бұрынғы күйеуімнің отбасының байлығы мен байланыстары салдарынан іс жабылып қалуы мүмкін деп қорқамын. Менің екі кішкентай балам бар, мен өзімді қорғауға құқығым бар екенін дәлелдеуге міндетті емеспін", – деді ол.

Зардап шегуші кінәлі адамды жауапқа тартып, заңның қатаң талаптарына сәйкес жазалауды сұрады.

Полиция пікірі

Алматы Полиция департаменті оқиға дерегін растады. ПД мәліметінше, 36 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабы "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша заңға сәйкес шаралар қабылданатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети