11 қазан 2024 | 16:24

Алматыда электр энергия тарифі өзгереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Алматыда электр энергиясының тарифі өзгереді. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Алматы қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Әсел Бөденеева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz мәліметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда электр энергиясының тарифі өзгереді. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Алматы қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Әсел Бөденеева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz мәліметіне сілтеме жасап.

Алматыда барлық тұтынушыға тарифтер 15 қазаннан бастап өзгереді.

"Орташа тариф 29,04 теңге болады, яғни 3,7 пайызға өсіп отыр. Халыққа 27,59 теңгеге өзгереді, яғни 8 пайызға өседі. Заңды тұлғаларға 30,08 теңге болады, 8 пайызға өседі. Бюджеттік ұйымдардың тарифі 30,47 теңге болады, ол 7 пайызға төмендейді", – деді департамент өкілі.

"Бұған электр энергиясын өндіруші қызметіне тарифтердің өсуі, электр энергиясын беру қызметіне тарифтердің өзгеруі әсер етіп отыр", – деді Әсел Бөденеева.

Айта кетейік, 2024 жылы ақпанда коммуналдық қызмет бағасы бойынша айтарлықтай өсім тіркелгені белгілі болды.

Ақпанның қорытындысы бойынша суға баға жылдық мәнде 33,9 пайызға өсті, бұл басқа коммуналдық қызметтерге қарағанда көп.

Сол кезде қалған коммуналдық қызметтер бойынша да осындай жағдай байқалды:

  • жылыту бойынша баға өсімі бір жылда 30,9 пайыз болған;
  • суық суға 30,8 пайыз;
  • қоқыс төгуге 30,7 пайыз;
  • ыстық суға 29,4 пайыз;
  • электр энергиясына 19,9 пайыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети