15 қазан 2018 | 10:17

Алматыда элиталы үй иелері бюджетке 167 миллион теңге салық төлемеген

© pexels.com

Алматыда элиталы үйлер мен пәтерлердің иелері бюджетке 167 миллион теңге қарыз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер басқармасының Медеу ауданы бойынша баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда элиталы үйлер мен пәтерлердің иелері бюджетке 167 миллион теңге қарыз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер басқармасының Медеу ауданы бойынша баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, ведомство өкілдері мүлік және жер салығы бойынша қарыздарды өндіруге қатысты жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Реклама
Реклама

"Мүлік және жер салығын төлеу мерзімі 2017 жылдың 1 қазанында аяқталғанына қарамастан, элиталы пәтерлер мен үйлердің иелері қарызын төлеуге асығар емес. Ол үйлердің көбі Достық даңғылында, Қыз Жібек, Оспанов, Оңдасынов, Горный көшелерінде, Көктөбе мен Горный гигант жақта орналасқан", - делінген Мемлекеттік кірістер басқармасының хабарламасында.

Мысалы, Достық даңғылында орналасқан үйлердің бірінің иесі бюджетке 1,1 миллион теңге қарыз екен. Сондай-ақ, ведомство өкілдерінің айтуынша, бірнеше пәтері бар алматылықтар да салық төлемей жүр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная