Алматыда "элиталық эскорт" желісін ұйымдастырушы босатылды ма? ІІМ жауабы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "элиталық эскорт" желісін ұйымдастырушы босатылды ма? ІІМ жауабы Фото: әлеуметтік желіден алынған

Ішкі істер министрлігі маусымда Алматыда ұсталған "элиталық эскорт" желісін ұйымдастырушыға қатысты іс туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігі маусымда Алматыда ұсталған "элиталық эскорт" желісін ұйымдастырушыға қатысты іс туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Telegram-арналарда қыздың бостандықта жүргені туралы ақпарат пайда болған.

ІІМ Tengrinews.kz тілшісі ресми сауалына берген жауабында желіні ұйымдастырушының қазір Алматыдағы тергеу изоляторында қамауда отырғанын хабарлады. Іске қатысты "күдікті" деп танылған.

"Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Соталды тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 309-бабы "Жезөкшелікпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық", сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 296-бабы "Өткізу мақсатынсыз есірткі заттары, психотроптық заттар, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу" бойынша жүргізіледі", - делінген ІІМ Tengrinews.kz ресми салуына берген жауапта.

Іс аясында күдіктінің қылмыстық әрекетіне қатысы бар тұлғалардан жауап алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтер жарияланбайды", - деп хабарлады ІІМ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети