​Алматыда ең ұзақ жауған қар қалай тазаланып жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

​Алматыда ең ұзақ жауған қар қалай тазаланып жатыр?

​Алматыда 11 қаңтардан бастап арасында үзіліспен 16 қаңтарға дейін ұзақ жауған қар түнгі сағат 2-00-де аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

​Алматыда 11 қаңтардан бастап арасында үзіліспен 16 қаңтарға дейін ұзақ жауған қар түнгі сағат 2-00-де аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Жалғасы

Әкімдіктегілердің мәліметінше, өткен тәулікте 8 сантиметр қар түсті. Жалпы, 11 қаңтардан бастап қалада жауған қардың биіктігі 33 сантиметр құраған.

"Коммуналдық қызметтер қар жауған кезден бастап жолдарға мұзды ерітетін материалдарды сеуіп жатыр, жолдың жүретін бөлігінен және жаяу адамдар жүретін жерлерден қарды күреп жатыр. Соңғы күндері жолдарға 4 544 тонна мұзға қарсы қоспа материалдар себілген.

​Жиналған қарды шығаруға көп көңіл бөлінеді. 15 қаңтардан 16-на қараған түні 13 734 текше метр қар шығарылды. Түскен қардың көлемі үлкен болғандықтан, қаланың көшелерінен қарды шығару жұмыстарын 17 қаңтарда аяқтау жоспарланып отыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Сондай-ақ, қар тазалау жұмыстарына 630 бірлік арнайы техника мен 2 130 жол жұмысшысының жұмылдырылғаны айтылады.

Қазгидромет орталығының болжамы бойынша, алдағы күндері қар жаумайды деп болжанады.

Аудандық әкімдіктерде және қалалық әкімдікте қарды тазалау жөніндегі жұмыстарды бақылау бойынша тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети