09 қараша 2019 11:43

Алматыда еңбек құқығы үшін митинг өтіп жатыр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Сары-Арқа кинотеатрының алаңында Еңбек және кәсіподақ заңнамасын орындау бойынша бақылауды күшейтуге байланысты митинг басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Сары-Арқа кинотеатрының алаңында Еңбек және кәсіподақ заңнамасын орындау бойынша бақылауды күшейтуге байланысты митинг басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Акцияны ұйымдастырған "Азаматтық қорғаныс" қоғамдық бірлестігі және "Жұмыс шешімі" қауымдастығы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, митингіге адамдар қалалық әкімдіктің рұқсатымен жиналды.

"Қазақстан еңбек құқықтарына қысым жасалуына назар аудармайды. Бизнес субъектілері еңбек құқықтарын бұзып жатыр, кәсіподақтың да. Сол себептен Қазақстан рейтингте төмен, алайда біз жоғары көтерілуге тырысамыз. Еңбек заңнамасын жай ғана лақтырып тастауға болатын жағдайға жетуіміз мүмкін. Біз жұмысшылар өз құқығы үшін күресіп, кәсіподақтарға бірігуі тиіс деп есептейміз. Сондықтан митинг ұйымдастырып отырмыз", - деді "Азаматтық қорғаныс" қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Дмитрий Литвин.

Сондай-ақ, митингіде 6 сағаттық жұмыс күні, кәсіподақтар бостандығы, жалақы деңгейі талқыланады.

Митингіге 10-ға жуық адам келді.

Олардың көліктерінде де "Кәсіподақтан қолыңды тарт", "Дағдарыс үшін төлеме, кәсіподаққа кір" деген ұрандар жазылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети