18 мамыр 2021 15:59

Алматыда ереуілге шыққан бірнеше курьер жұмысынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Рауль Муминов/курьер Wolt Фото: Рауль Муминов/курьер Wolt

Бұрын жаңа ережелерге қарсы ереуілге шыққан 40-қа жуық курьер есептік жазбалары бұғатталғанына шағымданды. Компания олардың шағымына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұрын жаңа ережелерге қарсы ереуілге шыққан 40-қа жуық курьер есептік жазбалары бұғатталғанына шағымданды. Компания олардың шағымына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Wolt жеткізу қызметінің курьерлері бірқатар есепшот бұғатталғанын айтты. Олардың айтуынша, 40 адам бұғатталған. Осыған байланысты қызметкерлер 18 мамырда Алматыдағы компания кеңсесінің алдына қайта жиналды.

"Мен басқа жеткізу қызметінде жұмыс істеймін, бірақ көп досым мен таныстарым әлі де Wolt-да. Өткен аптаның ортасында жаңа ережелермен келіспегендіктен, олар ереуілге шықты. Компания мәселені шешуге уәде берді. 

Компания курьерлерді бұғаттауға байланысты басқа қызметкерлер өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді деп миға қонбайтын себеп айтты. Осылайша олар ереуіл ұйымдастырушыларды тоқтатты", - деді курьер.

Курьерлер компания серіктесі емес, Wolt қызметкері болғысы келетінін айтты. Олардың айтуынша, қазір курьерлер Еңбек кодексімен және басқа заңдармен қорғалмайды.

"Бізді келісімді бұзу арқылы жұмыстан шығаруға болады. Себебі біз серіктес ретінде жұмыс істейміз. Егер біз қызметкер болсақ және компания штатында болсақ, онда бізді жұмыстан шығару қиын болар еді. Бұл үшін Еңбек кодексінде қарастырылған нақты себеп қажет болады. Сондай-ақ, бізге еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзғаны үшін өтемақы төленетін еді. Мұнда Wolt қалағанын жасай алады және ешқандай шағым жаза алмаймыз", - деп толықтырды курьерлер.

Олар басқа жеткізу қызметтерінде курьерлер қызметкер ретінде компания шататына кіретінін айтты.

18 мамырда Алматыда өткен ереуіл. © youtube.com/Нұрәли Әйтеленов

Сонымен қатар, Wolt кейбір курьерлерді жұмыстан шығару себебін түсіндірді. Олардың айтуынша, мұндай санкциялар тек төрт серіктес курьерге қолданылған.

"Бұл сирек кездесетін тәжірибе, оны тек төтенше жағдайларда қолданамыз. Бұл қызмет көрсету туралы келісімді немесе жергілікті заңнаманы елеулі немесе бірнеше рет бұзумен байланысты. Өткен аптада басқа серіктестердің жұмысына кедергі келтіріп, қызметкерлер өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төрт серіктесті оқшаулауға мәжбүр болдық.

Сонымен қатар, 13 серіктес курьерлер бұғатталды. Қолма-қол төлем тапсырыстарын қабылдайтын курьерлер ағымдағы төлем жүйесін өзгерткенге дейін алынған ақшаны салудан бас тартты. Оларды бұғаттау уақытша және осы мәселе шешілген кезде оларды оңай алып тастауға болады. Осылайша, тұрақты бұғатталған курьерлер саны төртеуден аспайды", - деді кәсіпорынның PR-қызметі өкілі.

Айта кетейік, Алматыда азық-түлік жеткізу қызметінде жұмыс істейтін 50-ге жуық курьер ереуілге шықты. Наразылық акциясын Wolt жеткізу қызметінің қызметкерлері ұйымдастырды. Олар компанияның кеңсесіне барып, жақында қабылданған өзгерістерге наразылық білдірді. Курьерлердің айтуынша, жазғы кезең басталар алдында басшылық жеткізушілердің санын көбейтіп, қызмет көрсететін жұмысшылардың жалақысын қысқартқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети