Алматыда Есентай өзені жағалауында жаңа қоғамдық орын ашылады

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Есентай өзені жағалауында жаңа қоғамдық орын ашылады

Есентай өзенінің жағалауында жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есентай өзенінің жағалауында жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есентай өзенінің жағалауында су бөлгіштен Жамақаев көшесіне дейінгі аралықта жаңа форматтағы қоғамдық кеңістік құру бойынша жұмыстар аяқталуға жақын, ұзындығы 4,2 жаяу жүргіншілер жолы жасалды (1 шақырым ағаштан жасалған жаяу жүргіншілер жолы және 3,2 шақырым тасжол), өзеннің жағалауы бекітілді.

"Абаттандыру жобасы табиғи ландшафты сақтай отырып, қалалықтардың жайлы демалысына жағдай жасауға бағытталған. Мұның негізінде заманға сай инфрақұрылымды табиғатқа барынша зиян келтірмейтіндей етіп жасау идеясы жатыр", - деді баспасөз-туры барысында Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының бөлім жетекшісі Мұрат Жексенбаев.

Сондай-ақ, абаттандыру жұмыстары аясында ұзындығы 1,3 шақырым ағаш қоршау және тіреуіш қабырғалары (4,2 шақырым) орнатылған. 600-дей қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар, 3500-ден аса бұта және шамамен 700 шаршы метр көпжылдық және 100 шаршы метр біржылдық өсімдіктер отырғызылды.

339 жарық шам, 8 ойын алаңы мен спорт алаңы, 4 табиғатты тамашалау алаңы мен пандустар, 4 пергола, 2 модульдік дәретхана, су жағасына 10 орындық, 130 қоқыс жәшігі және жағалау бойына 70 орындық қойылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети