Алматыда Есентай өзеніне көлікпен түскен жүргізуші іздестіріліп жатыр

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Есентай өзеніне көлікпен түскен жүргізуші іздестіріліп жатыр кадр almaty_kris_p видеосынан

Алматы полициясы Есентай өзенінде көлікпен жүрген жүргізушіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы Есентай өзенінде көлікпен жүрген жүргізушіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде оқиғаның видеосы пайда болды, онда ақ түсті Lada Priora-ға ұқсас көлік көрінеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ALMATY KRIS P|21+🇰🇿 (@almaty_kris_p)

"Алматы қаласы жергілікті полиция қызметі басқармасы бұл дерек бойынша тексеріс жұмыстарын бастады. Құқықбұзушы міндетті түрде анықталып, жауапқа тартылады. Мұндай әрекеттерге рұқсат етілмейді. Бұл хайп мақсатында жасалғанын жоққа шығармаймыз", - деп түсіндірді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазнет қолданушылары видеоны қызу талқылап жатыр. Кейбіреулер көліктің өзенге қалай кіргеніне таңғалғанын жазған. Көпшілігі оның әрекетін айыптаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети