13 ақпан 2019 | 13:41

Алматыда Есентай өзенінің жағалауын қайта жөндеу шығындары қысқартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Бауыржан Байбек Алматыда бірқатар негізсіз шығындардан арылуды ұсынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бауыржан Байбек Алматыда бірқатар негізсіз шығындардан арылуды ұсынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі өзінің сөзінде Алматы әкімдігі "Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшелерімен бірге әлеуметтік мәні бар шешімдерді қабылдар кезде бюджет шығынын тұрақты тексеріп, оңтайландыру жүргізілетінін айтты.

"Универсиаданы еске алайықшы, оңтайландыру арқасында операциялық шығындардың өзінен ғана 18 миллиард теңгені үнемдедік. Өткен жылы қаланың көшелерін, саябақтары мен скверлерін реконструкциялағанда қаржының 40 пайызын үнемдедік. Өткен аптада қаланы дамыту жөніндегі жобаларды қараған кезде Есентай өзенінің жағалауын реконструкциялау жобасы оңтайландырылды. Бұл жобаны алдымен халықпен бірге талқылап, толықтырып, содан кейін ғана жүзеге асыру қажет. Біз қазірдің өзінде 3,5 миллиард теңгені үнемдедік. Жалпы, бірқатар негізсіз шығындардан арылған жөн. Мысалы, Жеңілатлетика манежінің құрылысы. Оны тағы бір рет мұқият қарап шықсақ, едәуір үнемге қол жеткіземіз деп ойлаймын", - деді Алматы әкімі.

Үнемделген қаржылар бұрынғыдай қала тұрғындарының өтініштері негізінде әлеуметтік мақсаттарға жұмсалады. Олар - жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға, оның ішінде көп балалы аналарға және басқаларға көмек көрсету спектрін ұлғайту.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети