Алматыда халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні аясында "Ескерткіштерді бірге қорғайық" атты шара өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Алматыда халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні аясында "Ескерткіштерді бірге қорғайық" атты шара өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Бұл мереке 1982 жылы ЮНЕСКО-ның жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен мәдени орындарды қорғау мәселелері бойынша кеңес Ассамблеясы (ICOMOS) арқылы пайда болып, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғаудың мемлекеттік органдарының қызметкерлері, ғалымдар, сәулетшілер, реставрациялаушылардың бастамасын қолдаумен 1984 жылдың 18 сәуірінен бері тойланып келеді. Әлемдік тарихи-мәдени мұра шексіз және оны түрлі халықтар көптеген ғасырлар бойы қалыптастырған.
Шара барысында, Алмалы ауданы әкімі аппараты мен аудандағы жалпы білім беретін мектептер мен орта оқу орындарымен бірлесіп ұйымдастырған шара жазушы әрі қоғам қайраткері Сабыр Шәріповтің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.
Одан басқа, игі шара шеңберінде Ж. Жабаев, М. Мақатаев, Ғ. Мүсірепов, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Құжамьяров, М. Ганди, және т.б. ескеркіштерінің алдында әдеби оқулар өткізіліп, тазарту жұмыстары жүргізілді. Жалпы, мереке аясында ұйымдастырылған түрлі іс-шаралаға аудан бойынша барлығы 300-ге жуық адам қатысты. Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күнін тойлау тарихи мұраны қорғау туралы ойлануға ықпал етері сөзсіз.