Алматыда есірткі жарнамасын салған “суретшілер“ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда есірткі жарнамасын салған “суретшілер“ ұсталды Фото: polisia.kz

Алматыда полиция жерасты өткелдерінде есірткі жарнамасын салған "суретшілерді" ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полиция жерасты өткелдерінде есірткі жарнамасын салған "суретшілерді" ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әуезов ауданының тәртіп сақшылары жастар түнгі уақытта әрекет еткенін анықтаған. Олар кең көлемді платформалар, көбінесе өткелдердегі бетон қабырғаларға сурет салған. Күдіктілер ұсталып, прокуратураның үйлестіруімен қамауға алынды. Есірткілерді насихаттау және жарнамалау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

"Күдіктілердің бірі – 18 жаста, екіншісі – 22 жаста. Екеуі де басқа жақтан келгендер, Алматыда тұрақты жұмысы жоқ. Ұсталғандардың айтуынша, олар "оңай ақша табуды" интернеттен тапқан. Олардың "жұмыс берушілері" міндетті түрде анықталып, жауапқа тартылады", – дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Алматы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мәліметінше, жыл басынан бері полицейлер 37 есірткі сатушыны ұстаған. Есірткі сатуды насихаттаған 451 интернет-ресурс бұғатталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети