Алматыда "есірткі жеткізуші" ұсталған сәт видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы-1 вокзалында "есірткі жеткізушінің" қызметтік итпен ұсталған сәті видеоға түсірілді. Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы-1 вокзалында "есірткі жеткізушінің" қызметтік итпен ұсталған сәті видеоға түсірілді. Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда ит пойыз жолаушыларының көз алдында адамды секіріп құлатады. Содан кейін оқиға орнына қызметтік көлік келеді. 

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 12 қарашада Алматы вокзалында полиция қызметкерлері желілік полиция басқармасымен бірлесіп Алматы-1 станциясында полиция қызметкерлері қызметтік-іздестіру итін пайдалана отырып, есірткі жеткізушіні ұстау бойынша оқу бейнеролигін түсірген.

"Түсірілім шындыққа жақын жағдайда жүргізілді. Сценарий бойынша, есірткі курьері Қызылорда - Семей бағытындағы жолаушылар пойызымен келген. Бейнетүсірілім "Есірткісіз болашақ" республикалық акциясы аясында өткізілді. Сондай-ақ, акция барысында полиция қызметкерлері теміржол вокзалдары қызметкерлерімен және жолаушылармен профилактикалық және түсіндіру әңгімелерін өткізіп, "Есірткісіз болашақ" брошюраларын таратты", - деді көліктегі ПД өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети