Алматыда "Газель" аялдамаға соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Редакциясының WhatsApp-нөміріне оқырман видео жіберді.
Оқиға Щепетков көшесінде болған. Сол сәтте аялдамада тұрған қыз зардап шеккен.

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат 7-де Алматының Әуезов ауданында болған.
"ГАЗ маркалы автокөліктің жүргізушісі Шаляпин көшесімен батыс бағытта жүріп келе жатып, кедергіге – яғни аялдама кешеніне соқтығысып, аялдамада тұрған 2003 жылы туған жаяу жүргінші қызды қағып кеткен", – деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ЖКО салдарынан қыз жарақат алып, қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді.
Оқиға бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеуді бастады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!