Алматыда “Газель“ өртенді: ТЖД өртсөндірушілердің әрекетін түсіндірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Әлеуметтік желілерде Алматыда өртсөндірушілердің жанып жатқан "Газель" маркалы автокөлікті сөндіруге тырысқан видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Алматыда өртсөндірушілердің жанып жатқан "Газель" маркалы автокөлікті сөндіруге тырысқан видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда өртсөндірушілердің жабдықтары істен шығып, өртті сөндіруге су жетіспегені байқалады. Видео авторы өртсөндірушілердің сасқалақтағанын айтып, олардың дайындығына күмән келтірген.

Алматы ТЖД түсіндірмесі

Tengrinews.kz редакциясының Алматы ТЖД-ға өрт техникасындағы кідіріс туралы сауалына ведомство өртсөндірушілер келгеннен кейін 6 минут ішінде өрт сөндірілгенін хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 9 шілдеде сағат 15:39-да 101 қызметінің пультіне Әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысында автокөліктің өртенгені туралы хабар түскен.

"Сағат 15:41-де "112" жүйесінің бейнебақылау камералары автокөліктің толықтай жанып жатқанын тіркеді, бұл хабарламаның кеш түскенін және жүргізушінің өртті өздігінен сөндіруге тырысқанын көрсетеді. Өртсөндірушілер келген кезде "Газель" (2021 жылғы) маркалы автокөлік 7 шаршы метр аумақта ашық жалынмен жанып жатқан. Өрт сағат 15:57-де толығымен сөндірілді", – деді Алматы ТЖД өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@112almaty_tjd)

Сонымен қатар, ТЖД өкілдері оқиға орнында осындай жағдайларға арналған арқаға асылатын өрт сөндіру кешені қолданылғанын атап өтті.

"Оқиға кезінде сорғыда техникалық ақау туындады. Өрт сөндіру кешені қолданылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", – деді ТЖД өкілдері.

Сондай-ақ, Алматы ТЖД тұрғындарға өрт белгілерін байқаған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне мүмкіндігінше тез хабарлауды еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети