Алматыда белгілі журналист Геннадий Бендицкиймен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда белгілі журналист Геннадий Бендицкиймен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қоштасу рәсіміне Бендицкийдің туыстары, достары және әріптестері, олардың ішінде мәжілісмен Артур Платонов, саясаттанушы Досым Сәтбаев, ҚР Журналистер одағының басшысы Сейітқазы Матаев, экономист Ораз Жандосов, Болат Әбілов және тағы басқалары келді.
Ratel.kz сайтының бас редакторы Марат Асипов әріптесі Геннадий Бендицкий жайлы айтып берді.
"Бүгін біз досымызбен, бауырымызбен қоштасып жатырмыз. Онымен бірге жұмыс істеу, достық қарым-қатынаста болу біз үшін үлкен бақыт болды. Одан көмек сұраған кездеріміз көп болды. Ол көрсеткен көмегі үшін ешқандай да алғысты қабылдамайтын. Адал дос, тамаша адам. Жұмыс істедік, дауластық та, ұрысып қалған кездеріміз де болды, бірге жобалар жасайтынбыз. Ол дайындаған кез келген материал мықты дүние еді. Ол марапаттарға да байсалды қарайтын. Оның жұмысының мақсаты марапаттар алу емес еді", - деді Ratel.kz сайтының бас редакторы.
© Tengrinews.kz
Еске сала кетейік, 3 желтоқсанда журналист Геннадий Бендицкий қайтыс болған еді.
Геннадий Бендицкий ұзақ жылдар бойы КТК арнасында бірнеше ақпараттық-сараптамалық бағдарламалардың шығарушы редакторы қызметін атқарып келді, "Время" газетінің авторы, кейін "Час Бендицкого" атты авторлық бағдарламасын жүргізді.
Бірнеше жыл бұрын ол өзінің екі әріптесі Марат Асипов пен Сапа Мекебаевпен бірген жеке ақпараттық-санраптамалық жобасы - Ratel.kz порталын ашты.