Алматыда халықаралық іздеуде жүрген күдікті мен оның серіктесі ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© polisia.kz © polisia.kz

Алматы полициясы жаңа жыл түні қарсаңында 10 пәтерге ұрлыққа түскен күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы полициясы жаңа жыл түні қарсаңында 10 пәтерге ұрлыққа түскен күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының екі тұрғыны қаланың Алмалы және Бостандық аудандарында жүрген. Олар жай жүріп қоймай, бөтеннің пәтерлеріне кіріп, заттарды ұрлаған. Қылмыстық жұптың 10 ұрлыққа қатысы бар.

"Қаскөйлер стандартты тізбек бойынша әрекет етті. Олар аулаларды аралап, көпқабатты үйлердің терезелері мен кіреберістерін қарап, пәтерде біреудің бар-жоғын тексерді, кіреберіске кіріп, кілт таңдау немесе құлыпты бұзу арқылы пәтерге кіретін есікті ашып, үйдегі құнды заттардың бәрін алып шықты. Бұл - қолма-қол ақша, шағын техника, әртүрлі зергерлік бұйым. Біреуі бөтен адамның үйінде иелік етіп жүргенде, екіншісі көлікте күтіп отырған", - дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Оның айтуынша, Бостандық аудандық ПБ КПБ арнайы тобының қызметкерлері және полицияның арнайы жасағының көмегімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1996 жылы туған С. есімді азамат және оның серігі 2000 жылғы С. есімді азамат ұсталды.

Олар ұрлыққа түскен пәтерден цифрлық техника мен қаражат жоғалып кетті. Күдіктілер заттай айғақтардан құтылып үлгермеген. Олар ұстау кезінде тәркіленді және қылмыстық іске қосылды.

Қазір "қылмыстық дуэттің" мүшелері уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Бұрын күдіктілердің заңға қатысты мәселелері болған. Ал ұсталғандардың бірі Қазақстанның басқа аймақтарында бірқатар ұрлық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған. Қазір екеуінің де жалпы қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді Қуатбек Науатов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro