Алматыда ХҚКО-лар жұмыс істей бастады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ХҚКО-лар жұмыс істей бастады Фото:facebook.com/gov4c

Алматы қалалық ХҚКО-лары 11 қаңтардан қызмет көрсете бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Клиенттерге паспорт пен жеке куәлік рәсімдеу, көші-қон қызметтерінен өзге барлық мемлекеттік қызмет қолжетімді. ХҚКО-лардың жұмыс кестесі дүйсенбі жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ХҚКО-лар тек Алматы облысында жұмыс істемейді.

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті қызметкерлерінің басқа да тапсырмаларды орындауға бағытталуына байланысты республика бойынша арнайы ХҚКО-ның қызметі уақытша тоқтатылғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети