©Нұрғиса Елеубеков
Алматыда Алатау ауданындағы индустриялық аймаққа қосуға сегіз жоба мақұлданды, олардың жалпы құны - 45,5 млрд теңге деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін қала әкімі Ахметжан Есімовтің төрағалығымен өткен жиында индустриялық аймаққа іріктелетін жобалар талқыланды. Атап айтқанда, машина жасау және жиһаз салалары бойынша 10 жоба қаралды. Олардың екеуі ары қарай толықтырып, түзетуге жіберілді. Алдын ала болжам бойынша, іріктелген сегіз жобаны іске асыру 1800 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Ахметжан Есімовтің айтуынша, тапсырыстарды қарау кезінде мұқият талдау жүргізіліп, компаниялардың бірнеше басым бағыт бойынша талапқа сай келуіне көңіл бөлінді. "Қазір бізде индустриялық аймақтан орын алғысы келетіндер көп. Олар жаңа жұмыс орындарын ашатын және қысқа мерзім ішінде жоғары жобалық қуатқа жететін өндірістер болуы тиіс. Индустриялық аймақ кәсіпорындары экспортқа бағытталған және импортты алмастыратын болуы керек", - деді Есімов. Жиында қала басшысы ірі кәсіпорындарды орталықтан индустриялық аймаққа көшіру туралы да айтты. Бұл қаланың көлік қозғалысын жеңілдетіп, экологиялық ахуалын жақсартады. Есімов өндірістерге бөлінетін аумақты тиімді пайдалануды ескертті. "Жердің әр сотығы мейлінше жоғары нәтиже беруі керек", - деді ол. Айта кетейік, 2013 жылдың қараша айында Алматыда индустриялық аймаққа 13 жоба іріктелген еді. Олар фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, жиһаз, химия және құрылыс салалары бойынша.
Алматыда Алатау ауданындағы индустриялық аймаққа қосуға сегіз жоба мақұлданды, олардың жалпы құны - 45,5 млрд теңге деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін қала әкімі Ахметжан Есімовтің төрағалығымен өткен жиында индустриялық аймаққа іріктелетін жобалар талқыланды. Атап айтқанда, машина жасау және жиһаз салалары бойынша 10 жоба қаралды. Олардың екеуі ары қарай толықтырып, түзетуге жіберілді.
Алдын ала болжам бойынша, іріктелген сегіз жобаны іске асыру 1800 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Ахметжан Есімовтің айтуынша, тапсырыстарды қарау кезінде мұқият талдау жүргізіліп, компаниялардың бірнеше басым бағыт бойынша талапқа сай келуіне көңіл бөлінді. "Қазір бізде индустриялық аймақтан орын алғысы келетіндер көп. Олар жаңа жұмыс орындарын ашатын және қысқа мерзім ішінде жоғары жобалық қуатқа жететін өндірістер болуы тиіс. Индустриялық аймақ кәсіпорындары экспортқа бағытталған және импортты алмастыратын болуы керек", - деді Есімов.
Жиында қала басшысы ірі кәсіпорындарды орталықтан индустриялық аймаққа көшіру туралы да айтты. Бұл қаланың көлік қозғалысын жеңілдетіп, экологиялық ахуалын жақсартады. Есімов өндірістерге бөлінетін аумақты тиімді пайдалануды ескертті. "Жердің әр сотығы мейлінше жоғары нәтиже беруі керек", - деді ол.
Айта кетейік, 2013 жылдың қараша айында Алматыда индустриялық аймаққа 13 жоба іріктелген еді. Олар фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, жиһаз, химия және құрылыс салалары бойынша.