Алматыда интим қызмет көрсеткен 70-тен аса притон әшкереленді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда интим қызмет көрсеткен 70-тен аса притон әшкереленді

Алматыда заңсыз жұмыс істейтін салондарды анықтау бойынша рейдтер өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда заңсыз жұмыс істейтін салондарды анықтау бойынша рейдтер өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Алмалы ауданында полиция қызметкерлері "Манхэттен", "Ақбұлақ" және "Кәусар" тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсететін жезөкшелер үйлері мен заңсыз жұмыс істейтін салондарды анықтауға бағытталған алдын алу шараларын жүргізіп жатыр.

Рейдтер барысында 71 жезөкшелер үйі әшкере болды. Заңсыз әрекетке үй берген пәтер иелері жауапқа тартылды. Бұл пәтерлерде тіркеусіз және жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрған адамдарға да әкімшілік шара қолданылды.

"Полиция қызметкерлері заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін күн сайын профилактикалық іс-шаралар жүргізеді, ал тұрғындар өз аудандарындағы қауіпсіздік пен тәртіпке жауапты болуы керек. Азаматтарды бейжай қалмай, заң бұзушылықтар туралы хабарлауға шақырамын", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети