29 желтоқсан 2018 | 19:18

Алматыда Ислам Каримов атындағы көше пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© alma-ata2.narod.ru © alma-ata2.narod.ru

Алматы қаласы мәслихатының ҮІ шақырылымдағы кезектен тыс өткен XXXIV сессиясында 185 көшенің жаңа атаулары мақұлданды. Мысалы, ҚР ең ірі мегаполисінде Өзбекстанның Тұңғыш президенті Ислам Каримов атындағы көше пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы мәслихатының ҮІ шақырылымдағы кезектен тыс өткен XXXIV сессиясында 185 көшенің жаңа атаулары мақұлданды. Мысалы, ҚР ең ірі мегаполисінде Өзбекстанның Тұңғыш президенті Ислам Каримов атындағы көше пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

183 атауға ие болған көшелердің 20-на ұлы тұлғалар - Керей-Жәнібек хандардың, Тәуке ханның, Есім ханның Әбіш Кекілбайұлының, Поль Гурдэнің, Шамғон Қажығалиевтің, Фарида Шәріпованың, Жаяу Мұсаның, Василий Бартольдтің және басқаларының есімдері берілді. Қалған 163 көшелер тарихи-географиялық және ұлттық-ағартушылық атауларға ие болды, мысалы енді қалада Жеті жарғы, Ата толғауы, Ақжайнақ, Тайбурыл, Әлқисса, Арлан, Ақбозат және басқа да көшелер пайда болады.

Негізінен жаңа атауларға Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарының көшелері ие болды. Бұлардан өзге, Сүйінбай (Красногвардия тракті) және Райымбек (Ташкент көшесі) даңғылдарының ұзындығына орай жаңа көшелер қалыптасты. Бұл шара қалаға қосылған елді мекендердегі көше атауларының қайталану проблемасын толғынан шешті. 

Көше атауларын өзгерту тұрғындардың жиі шағымы салдарынан 2018 жылы басталған болатын. Атауы жоқ немесе бірін - бірі қайталаған көшелер жедел жәрдем, полиция мен өрт сөндірушілерді шақырғанда көп қиындықтар туғызатын.

Алматыда 2,5 мыңға жуық көше бар. Еске салайық, олардың 349-ының атауы бірдей еді. Қалаға қосылған елді мекендерді қоса есептегенде мегаполисте Абай атында 12, М.Әуезов атында 3, Ж.Жабаев атында 13, С.Құрманғазы атында 6, Төле би атында 5, Қазыбек би атында 3, Әйтеке би атында 3, Райымбек батыр атында 8, Наурызбай батыр атында 4, Қарасай батыр атында 8, А.Байтұрсынов атында 4, С.Сейфуллин атында 5, Ә.Молдағұлова атында 6, М.Маметова атында 6 көшелер болды.

Айта кетерлігі, қалалықтарға қолайсыздық туғызатын арнайы процедуралар болмайды. Мемлекеттік органдар көше атауын өзгерткен кезде қажетті анықтамаларды ХҚКО бөлімшелерінде электронды үкімет порталы арқылы бірнеше минут ішінде алуға болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети