25 маусым 2020 11:34

Алматыда жағдай ауыр - Надыров коронавирус туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров қалада коронавирусқа байланыс жағдай ауыр екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров қалада коронавирусқа байланыс жағдай ауыр екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматыда коронавирусқа байланысты жағдай ауыр. Бірақ оны бақылауда ұстауға болады. Алматыда медициналық көмек көрсету бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Яғни стационарларда және емхана деңгейінде қажет көмек көрсетіліп жатыр", - деді ол Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.

Оның айтуынша, өткен аптада ауруханаға жатқызылғандар мен жедел жәрдем шақырушылардың саны 2 есе артқан. 

"Біз ауру бойынша үнемі талдау жүргізіп отырмыз. Ауруды көбінесе 20-29 жас аралығындағы адамдар жұқтырып жатыр. Олардың үлесі - 35 пайыз. Ал 60 жастан асқандар ауруды 4 есе сирек жұқтырады. Олардың үлесі шамамен 9 пайыз", - деді Қамалжан Надыров.

Айта кетейік, Алматыда 3530 адам коронавирус жұқтырған. 2178 науқас жазылды, 23 адам қайтыс болды.

Қазақстанда COVID вирусын жұқтырғандар саны 19 285-ке жетті. 11 882 науқас дертінен айықты, 136 адам көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети