Алматыда қаланың Бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық отырыс өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұсынылған жоба бойынша, миллион шаршы метрге жуық ескі үйді және баспана нормаларына сәйкес келмейтіндерін құлату ұсынылған. Бұл жөнінде "Алматыгипрогор-1 жобалау институты" ЖШС-ның сәулет-жоспарлау бөлімінің басшысы Алтай Сатыбалдиев айтып берді.

"Құлату қажет, шамамен миллион шаршы метр баспананы анықтадық. Ол жеке сектор ғана емес, 1940 жылдары тұрғызылған екі қабатты үйлер де бар. Олар жер сілкінісіне төтеп бере алмайды, ғұмыры таусылған, онда тұру қауіпті. Бағдарлама бар, оған сәйкес инвесторлар ғимараттарды құлатып, сол жерге жаңасын тұрғызып береді", - деді Сатыбалдиев.
© Владимир Прокопенко
Оның ойынша, Алматыдағы проблемалардың бірі - халық санының шексіз өсімі. "Жыл сайын тұрғындар санының өсімі 70 пайызға жетеді - сыртқы көші-қон. 30-40 пайызы ғана - табиғи өсім. Бұл ағынды өзге арнаға қалайда бұру үшін, бізге қалаға жақын маңнан "магнит" құру керек. Бұл ескі идея, ол барлық Бас жоспарда болды, бірақ дамыған жоқ. Алайда бұл шешімнің баламасы жоқ. Қала резеңке емес, сондықтан коллапстың болары анық. Қаланың алып жатқан аумағында барлығы үш миллионға жуық адам өмір сүре алады. Қазір бізде нақты мәлімет бойынша, миллион 850 мың адам тұрып жатыр. Ол 2030 жылға қарай 2 миллион 100 мың болады деген болжам бар және бұл халық өсімін ұстап тұру есебімен айтылған көрсеткіш. Егер олай істелмесе, қазір бар проблемалардың барлығы қиындай береді", - деп мәлімдеді Сатыбалдиев.
© Владимир Прокопенко
Оның айтуынша, бұл проблемаларды шешу үшін жаңа индустриалдық орталықтарды дамыту керек. Осы жылдың аяғына дейін сәулетшілер қаланың Бас жоспарын нақты жетілдіруді көздеп отыр, одан кейін мемлекеттік органдармен келісіледі. Келесі жылдың ортасында жоспарды үкімет бекітеді деп жоспарланған. "Егер ол бекітілсе, жоспар қала құрылысы заңының статусын қабылдайды, ол арқылы қаламыз 2030 жылға дейін дамиды", - деп түсіндірді Сатыбалдиев.
© Владимир Прокопенко