Алматыда жаңа 3 мың "Сергек" камерасы қашан қосылады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жаңа 3 мың "Сергек" камерасы қашан қосылады? Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Алматыда жаңа "Сергек" камералары қашан қосылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін қалада қосымша үш мың жаңа камера қосылатыны белгілі болған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Алматыда жаңа "Сергек" камералары қашан қосылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін қалада қосымша үш мың жаңа камера қосылатыны белгілі болған.

"Қазіргі уақытта қосымша 2 944 "Сергек" камерасын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосу 2023 жылдың II тоқсанына жоспарланған", - деп жауап берді Ішкі істер министрлігі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына.

Қазіргі уақытта Алматыда 2021 жылға арналған "Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік" жобасын іске асыру аясында әкімдік орнатқан 5 034 "Сергек" камерасы жұмыс істеп тұр.

Камералар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілердің тәртібін арттыру мақсатында орнатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети