21 шілде 2020 13:06

Алматыда жаңа ақылы тұрақ орындары ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

22 шілдеден бастап Алматыда үш ақылы тұрақ іске қосылады, - деп хабарлайды Almaty.Parking


22 шілдеден бастап Алматыда үш ақылы тұрақ іске қосылады, - деп хабарлайды Almaty.Parking

Жаңа ақылы тұрақтар Мақатаев пен Райымбек көшесі арасындағы Панфилов көшесінде, Сәтбаев пен Абай көшесі арасындағы Уәлиханов көшесінде, Мақатаев пен Мәметов көшесі арасындағы Наурызбай батыр көшесінде пайда болды.  

Барлығы 133 тұрақ орны ашылады.

"Бұл жерлерде жұмыс уақытында трафик тудыратын кеңсе, мейрамхана мен түрлі орындар орналасқан. Биыл тегін автотұрақтарда көлік толы болды және қала билігімен талқылаудан кейін бұл учаскелерді ақылы ету туралы шешім қабылданды.

Негізгі мақсат - тұрақтардың орнын көбейтіп, барлық азаматқа қоғамдық орында бірдей құқық беру. Тариф артық трафиктің болмауына, күні бойы бос орындар санын ұлғайтуға, тұрақ процесін реттеуге, тұрақ орындарын дұрыс бөлу арқасында заң бұзушылықтар санын азайтуға және ағын қозғалысының жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді", - дейді Almaty.Parking өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети