Алматыда жаңа автобус бағыттары іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жаңа автобус бағыттары іске қосылды Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда жаңа қала маңындағы маршруттар ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жаңа қала маңындағы маршруттар ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жасап.

"Мегаполистің агломерациямен көлік байланысын жақсарту үшін қала маңындағы маршруттар ашылып жатыр. 28 қазаннан бастап Алматы көлік желісін кеңейтіп жатыр: №237, №257 және №258 маршруттары іске қосылды", - делінген хабарламада.

Ал 1 қарашадан бастап №239 маршруты ашылады.

  • №237 маршрут: "Барлық базары – Қаратөбе ауылы" - 5 автобус - Жұмыс уақыты: 5:30 - 23:05
  • №257 маршрут: "№7 қалалық аурухана – Еңбекші ауылы" - 5 автобус - Жұмыс уақыты: 5:30 - 23:01
  • №258 маршрут: "Жетісу базары – Өстемір ауылы" - 2 автобус - Жұмыс уақыты: 5:40 - 22:01
  • №239 маршрут: "Б. Момышұлы метро станциясы – Долан ауылы" - 18 автобус - Жұмыс уақыты: 5:30 - 23:01

"Барлық маршрут тест режимінде жұмыс істейді, жолаушылар легіне талдау жасалған соң қозғалыс кестесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін. Бұған дейін қалалық мобилділік басқармасы 35 қала маңындағы маршрутты іске қосқан болатын, ал жыл аяғына дейін тағы шамамен 15 маршрутты іске қосу жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети