Алматыда жаңа басқарма құру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жаңа басқарма құру ұсынылды Фото: pixabay.com

Алматыда креативті индустриялар басқармасы құрылмақ. Мұндай ұсынысты әкімдік VII шақырылған Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында айтты. Жаңа басқарма құру идеясын депутаттар қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда креативті индустриялар басқармасы құрылмақ. Мұндай ұсынысты әкімдік VII шақырылған Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында айтты. Жаңа басқарма құру идеясын депутаттар қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, креатив индустрияны дамыту туралы "Алматы-2050" Стратегиясында айтылған. Құжатта қалада ерекше ойлау қабілеті бар креативті, талантты және бірегей адамдар көп өмір сүретіні, ал "заманауи цифрлық құралдардың болуы өсу динамикасын көбейтетіні" айтылған.

"Креатив сегменттің қалыптасуы үшін мемлекеттің интегративті қолдауы қажет, оның міндеті - жұмысты үйлестіру, жан-жақты жәрдемдесу және әлеуетті жүйелі дамыту.

Креативті индустрия-экономиканы дамытудың неғұрлым негізгі бағыттарының бірі, ірі қалаларды әлемдік қоғамдастық үшін ерекше тартымды ететін қозғаушы күші.

Бүкіл әлемде креатив индустриялар әлеуеті өнеркәсіптік саясаттың ажырамас бөлігіне айналып келеді. Бұл ерекше салалар Ұлыбритания, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Ресей және басқа да көптеген елде мемлекеттік қолдауға ие", - деді әкімдік өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети