28 наурыз 2015 | 00:25

Алматыда жаңа соттар ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Медеу аудандық №2 сотының төрағасы болып сайланған Дәурен Маукеев (сол жақта). ©Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі Медеу аудандық №2 сотының төрағасы болып сайланған Дәурен Маукеев (сол жақта). ©Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі

Бүгін Алматы қаласында Наурызбай аудандық соты мен Медеу аудандық №2 соты ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Қуандық Ешіметке сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Алматы қаласында Наурызбай аудандық соты мен Медеу аудандық №2 соты ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Қуандық Ешіметке сілтеме жасап. 

"Салтанатты шараға Алматы қалалық сот төрағасы Ақжан Ештай қатысып, ұжымға соттардың төрағалары мен судьяларын таныстырды", - деді Ешімет. Сонымен қатар, оның айтуынша, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Наурызбай аудандық сотының төрағасы болып Ұлан Есбергенов, №2 Медеу аудандық қылмыстық істер қарайтын сотының төрағасы болып Дәурен Маукеев тағайындалды.

"ҚР Президентінің жарлығымен Наурызбай аудандық сотына Нұрлан Біржанов, Берік Қалжігітов, Жұмабек Қалиев, №2 Медеу аудандық сотына Дәулет Әбдіқалыков, Анина Байдаулетова, Бауыржан Кунчаев, Фаррух Омаров, Тұрсынхан Саликов және Такен Шакиров сияқты судялар қызметке алынды", - деді Қуандық Ешімет.

Алматы қалалық сот төрағасы Ақжан Ештай сот ұжымдарын жаңа қызметке тағайындалу салтанатымен құттықтады. Сонымен қатар, Елбасы артқан зор сенімді ақтап, сот жүйесін жетілдіріп, қызметтерін жауапкершілікпен, абыроймен, әділетті атқаруға шақырды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети