Алматыда жаңа статус болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жаңа статус болады Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Келесі айда Алматы жаңа мәртебеге ие болады. Мегаполис Түркі мемлекеттері ұйымының жастар астанасы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Келесі айда Алматы жаңа мәртебеге ие болады. Мегаполис Түркі мемлекеттері ұйымының жастар астанасы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев түркі жұртының татулығы мен өзара байланысын нығайту, тұтастығын бекемдей түсу мақсатында Қазақстан қабылдаған кешенді шараларға тоқталды.

"Атап айтсақ, Түркі мемлекеттері ұйымының жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілін тағайындады. Көп ұзамай Тұрақты өкілдік ашуды жоспарлап отырмыз. Астанада 11-12 маусым күндері Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының XIV пленарлық отырысы өтеді. Ақтау қаласы биыл Түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде жарияланды. Осы мәртебелі міндетті жоғары деңгейде атқару үшін нақты іс-шаралар қолға алынды. Қазақстанның бастамасымен өткен аптада Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасы құрылды. Оның алғашқы отырысы киелі Түркістан қаласында табысты өтті. Ортақ келісім бойынша биыл маусым айынан бастап Алматы қаласы "Түркі мемлекеттері ұйымының жастар астанасы" атанады. Осылайша, біз түркі бірлігін нығайтамыз", – деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети